
Кульнева Анна Владимировна
Жергілікті бюджеттердің шығыстарын талдау бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1983 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Қарақоға ауылында дүниеге келді.
2002 жылы Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжін қаржы мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Қазақстан-Ресей Ашық білім беру университетін қаржы және несие мамандығы бойынша бітірді.
Облыстың қаржы жүйесінде 2003 жылдан бастап жұмыс істейді. Мағжан Жұмабаев ауданының қаржы басқармасында, Мағжан Жұмабаев ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде жетекші маман болып жұмыс істеді. 2008 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаржы басқармасында білім, мәдениет, спорт, архив және басқа да әлеуметтік сала мекемелерін қаржыландыру бөлімінің бас маманы, 2013 жылдан бастап жергілікті бюджеттердің шығыстарын талдау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.
2025 жылғы 18 сәуірден бастап жергілікті бюджеттердің шығыстарын талдау бөлімінің басшысы лауазымында жұмыс істейді.
Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.



