
Дайырова Жанна Ерғалиқызы
Білім беру, денсаулық сақтау және халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарын жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы
Өмірбаян
1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының Явленка ауылында дүниеге келген.
2004 жылы М.Қозыбаева атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша тәмамдады.
Облыстың қаржы жүйесiнде 2002 жылдан бастап жұмыс iстейдi, Солтүстiк Қазақстан облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау департаментiнiң жетекшi маманы, бас маманы, 2015 жылдан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бiлiм бөлiмiнiң бас маманы болып жұмыс iстедi.
Қазiргi уақытта Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң қаржы басқармасы бiлiм мекемелерiн жоспарлау және қаржыландыру бөлiмiнiң басшысы лауазымында жұмыс iстейдi.
Облыс әкiмiнiң Алғысымен марапатталды.



