
Қызметкерлер
Мадиев Жаслан Хасенұлы
Министр цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан
Өмірбаян
Туған күні: 13 маусым 1983
Туған жері: Алматы қ.
Білім:
- 2015 – 2016 – Массачусетс технологиялық институты (MIT), Слоан бизнес мектебі, бизнесті басқару магистрі (MBA)
2006 – 2007 – Колумбия университеті, Халықаралық қатынастар және мемлекеттік басқару мектебі, мемлекеттік басқару магистрі (MPA), экономикалық саясатты басқару ("Болашақ")
2000 – 2004 – ҚазҰУ. Әл-Фараби, әлемдік экономика және халықаралық қаржы саласындағы маман
- Еңбек жолын 2007 жылы Лондон қаласындағы "Morgan Stanley" Инвестициялық Банкінің бағалы қағаздар және облигациялар саудасы департаментінің жетекші трейдері болып бастады.
- Әр жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қазынашылық департаментінің директоры, «Kazyna Capital Management» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары, ҚР Ұлттық Банкі директорының Монетарлық операциялар және активтерді басқару жөніндегі орынбасары және ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкі мен «Қазақстан темір жолы» АҚ құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
- 2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы қаңтарға дейін Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.
- 2022 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі қызметін атқарды.
- 2022 жылғы қазаннан 2024 жылғы мамырға дейін Binance Kazakhstan компаниясының Бас менеджері қызметін атқарды.
- 2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарады.


