Койшыбаев Галымжан Тельманұлы

    Заместитель Премьер-министра – Руководитель Аппарата Правительства

    Койшыбаев Галымжан Тельманұлы
    Қызметкерлер

    Койшыбаев Галымжан Тельманұлы

    Заместитель Премьер-министра – Руководитель Аппарата Правительства

    Өмірбаян

    1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

    М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.

    Философия ғылымдарының кандидаты.

    • 1995-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, кеңесші-уәкілі болып қызмет еткен.

    • 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жанындағы өкілетті өкілі болған.

    • 2004-2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы.

    • 2006-2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

    • 2008-2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

    • 2012-2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы).

    • 2016-2019 жылдары — Қазақстан Республикасы cыртқы істер министрінің орынбасары.

    • 2019 жылғы 26 наурызда ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

    • 2022 жылғы 11 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып қайта тағайындалды.

    • 2023 жылғы 4 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    • 2023 жылғы 3 сәуірде Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып қайта тағайындалды.

    • 2024 жылғы 6 ақпанда ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы болып тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері