
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2018 жылы – Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын бітірген.
Қызметтегі жетістіктері үшін ІІМ басшылығы тарапынан бірнеше рет марапатталған.
2000-2021 жылдары Алматы қаласы ішкі істер бөліністерінде инспектордан Кадр саясаты басқармасының бастығы лауазымына дейін қызмет атқарды.
2021-2025 жылдары ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясы бастығының орынбасары, Алматы қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігі Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары лауазымдарын иеленді.
2025 жылдың ақпан айынан – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент бастығы.





