
Әмзеев Алмас Балтабайұлы
ҚР ІІМ Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің бастығы
Өмірбаян
Арнайы атағы — полиция полковнигі
1999 жылы ҚР ІІМ Алматы заң институтын, 2020 жылы – Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған. Заң ғылымдарының магистрі
«Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» (2025), I (2015), II (2010) және III (2006) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған
1999-2001 жылдары Ішкі істер органдарының тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарды.
2002-2009 жылдары Ішкі істер органдарының кадр және штаб бөлімшелерінде, оның ішінде инспектор және басшы лауазымдарында, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасының бөлім бастығы және басқарма бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2009-2013 жылдары Ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінде басшы лауазымдарында, оның ішінде кадр жұмысы жөніндегі бастықтың орынбасары және аудандық деңгейдегі штаб бастығы қызметін атқарды.
2013-2018 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары.
2018-2022 жылдары – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2022-2024 жылдары – Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы полиция басқармасының бастығы.
2024 жылдың маусым айынан қарашаға дейін – Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2024-2026 жылдары – ҚР ІІМ Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департамент бастығының орынбасары.
2026 жылдың қаңтар айынан – ҚР ІІМ Әлеуметтік және медициналық қамтамасыз ету департаментінің бастығы.





