Садуақасов Әбілғазым Серікұлы

    Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің бастығы

    Садуақасов Әбілғазым Серікұлы
    Бастық

    Садуақасов Әбілғазым Серікұлы

    Қазақстан Республикасы ІІМ Тыл департаментінің бастығы

    Өмірбаян

    Арнайы атағы – полиция полковнигі

    2005 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2007 жылы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. 2014 жылы Д.А. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетін, 2022 жылы – ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясын бітірген

    «Құрмет» орденімен (2026), II (2024) және III (2017) дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталған

    2005 жылдан бастап ҚР Қарулы Күштері қатарында қызмет атқарды.

    2007-2012 жылдары Қарағанды облысы ІІД бөліністерінде еңбек етті.

    2012-2014 жылдары Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) жұмыс істеді.

    2014 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте түрлі басшылық қызметтер атқарды.

    2020-2024 жылдары – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Қызылорда және Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті басшысының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары.

    2024-2025 жылдары – ҚР Ішкі істер министрлігі Тыл департаменті бастығының орынбасары.

    2025 жылдың ақпан айынан – ҚР Ішкі істер министрлігі Тыл департаментінің бастығы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері