Қайырбеков Мерей Сайлаубекұлы

    Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары

    Қайырбеков Мерей Сайлаубекұлы
    Заместитель акима

    Қайырбеков Мерей Сайлаубекұлы

    Абай облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Мерей Сайлаубекұлы 1978 жылы, 24-сәуірде Ақсуат ауылында туған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «ветеринарлық санитария», 2021 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    2001-2007 жылы Тарбағатай аудандық аумақтық басқармасының Ақсуат, Құмкөл ауылдық округтері бойынша мал дәрігерлік инспекторы, 2007-2010 жылы Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясының Ақсуат ауылдық округінің жетекші маманы, ветеринариялық қадағалау бөлімінің жетекші маманы, ветеринариялық инспекторы болды.
    2010 -2019 жылы Тарбағатай ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы, бөлім басшысының орынбасары, бөлім басшысы, 2019-2020 жылы Тарбағатай ауданының ветеринария бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды. 2021-2022 жылы Тарбағатай ауданының статистика басқармасының басшысы, 2022 жылдан күні бүгінге дейін Ақсуат ауданының статистика бөлімінің басшысы болды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері