Шабезов Болат Жуматович
Целиноград ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы
Өмірбаян
Шабезов Болат Жұматович 1993 жылы 28 наурызда Торғай облысы Қима ауданы Жаңа Қима ауылында дүниеге келген. Ұлты — қазақ. Жоғары кәсіби білімі бар: 2015 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірген. Ғылыми дәрежесі жоқ. Қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарында қызмет етпеген, алайда құқық қорғау және азаматтық қорғау органдарында 2011 жылғы 26 шілдеден бастап қызмет етеді.
26.07.2011 – 27.06.2015 жж. – Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Көкшетау техникалық институтының курсанты.
27.06.2015 – 06.10.2016 жж. – Қостанай облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Қостанай қаласының №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ-2) аға инженері.
06.10.2016 – 23.02.2017 жж. – Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Атбасар ауданы Атбасар қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің (МӨСБ-4) аға инженері.
23.02.2017 – 03.01.2018 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері.
03.01.2018 – 21.05.2020 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
21.05.2020 – 27.07.2020 жж. – Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру и авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Целиноград ауданы Ақмол ауылының №22 өрт сөндіру бөлімі (ӨСБ-22) бастығының орынбасары.
27.07.2020 – 26.01.2021 жж. – Ақмола облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Атбасар ауданы Атбасар қаласының №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі (МӨСБ-4) бастығының орынбасары.
26.01.2021 – 01.12.2021 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Атбасар ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы.
01.12.2021 – 12.04.2022 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы анықтау тобының ерекше маңызды істер жөніндегі аға анықтаушысы.
12.04.2022 – 31.12.2024 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Анықтау бөлімінің бастығы.
31.12.2024 – 04.05.2026 жж. – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының бастығы.
05.05.2026 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Целиноград ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы.



