Атен Медет Қайратұлы

    Ономастикалық жұмыс

    Атен Медет Қайратұлы
    Руководитель отдела

    Атен Медет Қайратұлы

    Ономастикалық жұмыс

    Өмірбаян

    Атен Медет Қайратұлы - 1988 жылы 12 қарашада Жамбыл облысы Талас ауданы Қаратау қаласында дүниге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    09.02.2012 ж. – 07.08.2013 ж. аралығында Талас ауданы әкімдігінің білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің орталықтандырылған бухгалтерия құрылымдық бөлімшесінің заңгері;

    07.08.2013 ж. – 11.10.2013 ж. аралығында Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы;

    11.10.2013 ж. – 30.03.2015 ж. аралығында Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы;

    30.03.2015 ж. – 08.08.2016 ж. аралығында Талас ауданы әкімдігінің білім бөлімінің сектор меңгерушісі;

    09.08.2016 ж. – 24.11.2016 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы жалпыға міндетті орта білім беруді ұйымдастыру бөлімінің (негізгі қызметкер шыққанға дейін) бас маманы;

    24.11.2016 ж. – 02.11.2017 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы тәрбие және өзін-өзі тану бөлімінің бас маманы;

    02.11.2017 ж. – 20.06.2018 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының тәрбие және қосымша білім бөлімінің бас маманы;

    27.06.2018 ж. – 30.12.2021 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының мониторинг және талдау бөлімінің басшысы;

    31.12.2021 ж. – 02.01.2024 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс және талдау бөлімінің басшысы;

    03.01.2024 ж. – 09.07.2024 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы;

    10.07.2024 ж. – 19.09.2024 ж. аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің бас маманы;

    20.09.2024 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы ономастикалық жұмыс бөлімінің басшысы.

    Үйленген, 3 қыз тәрбиелеуде.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері