
Биғамбаев Ерлан Валерийұлы
Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
Малкеджар Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтын, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетін бітірген.
2002-2009 жылдары ішкі істер органдарындағы қызметін Атырау қаласының ІІБ учаскелік полиция инспекторы лауазымынан бастады.
2009-2014 жылдары – Атырау облысы ПД бөліністерінде басшылық лауазымдарда, соның ішінде Индер аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары және Атырау қаласы ІІБ патрульдік полиция батальонының командирі.
2014-2019 жылдары Атырау қаласының Ішкі істер басқармасында басшылық лауазымдарды иеленді. Атырау қаласы ІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
2019-2025 жылдары – Атырау қаласы Полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары және Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы.
2025 жылдан бастап — ҚР ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.



