
Садықов Құттыбай Сәлімжанұлы
Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары
Өмірбаян
Арнайы атағы – полиция полковнигі.
2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Экономика және құқық институтын, 2007 жылы – Атырау мұнай және газ институтын бітірген.
2004-2009 жылдары Атырау облысы ІІД жедел қызмет бөліністерінде жедел уәкілден аға жедел уәкілге дейінгі лауазымдарда қызмет атқарды.
2009-2014 жылдары криминалдық полицияның, өзіндік қауіпсіздік қызметінің аға жедел уәкілі, сондай-ақ Атырау облысы ІІД Индер аудандық ішкі істер бөлімі бастығының бірінші орынбасары лауазымдарын атқарды.
2014-2021 жылдары криминалдық полиция бөліністерінде басшылық лауазымдарда қызмет етті. Атырау қаласының қалалық полиция бөлімдерін, Мақат аудандық полиция бөлімін және Атырау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасын басқарды.
2021-2024 жылдары – Жылыой аудандық полиция бөлімінің бастығы және Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы.
2024-2025 жылдары – ҚР ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары.
2025 жылдан бастап – ҚР ІІМ Атырау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.



