
Қасенов Самат Берікболұлы
ШҚО мәдениет басқармасының басшысы
Өмірбаян
1985 жылы 24 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Топқайын ауылында дүниеге келген.
2006 жылы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша бітірді.
Білімі - жоғары.
2006-2013 жж. – Шығыс Қазақстан облысы тарихи-өлкетану мұражайының маманы (2011 жылдан бөлім басшысы)
2013-2014 жж. – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің бас маманы
2014-2017 жж. – Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы
2017-2019 жж. – «Шығыс Қазақстан облысының Статистика департаменті» РММ-і Өскемен қаласының Статистика басқармасының бас маманы
2019-2023 гг. – Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы (4.01.2023 ж. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы)
2023 жылдың 14 ақпанынан Шығыс Қазақстан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды
2024 жылдың қазан айынан 2025 жылдың қаңтарына дейін ШҚО мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарып келді.
2025 жылғы 14 қаңтардан Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен «Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.