
Толеуханов Арман Нуриевич
Абай облысы Семей қаласы мәслихатының депутаты
Өмірбаян
Арман Нұриұлы Төлеуханов 1987 жылы 29 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. №6 Гимназия мектебінде оқыды, 2006 жылы Экономика және қаржы колледжін "Экономика бухгалтерлік есеп және аудит" мамандығы бойынша үздік бітірді, содан кейін 2009 жылы Алматы қаласында "Нархоз" ҚазЭУ – де "Қаржы менеджменті"мамандығы бойынша жоғары білім туралы диплом алды.
Еңбек жолын Алматы қаласында "EFES Қарағанды сыра қайнату зауыты" халықаралық компаниясында сату жөніндегі менеджер позициясынан бастадым.
Компанияда 2 жыл жұмыс істегеннен кейін өзімнің туған қаласы Семей қаласына көшіп келдім, онда 2011 жылы "Beeline" компаниясына Семей қаласының тұрғындарына талшықты-оптикалық желілер бойынша жоғары жылдамдықты интернет беру жөніндегі жаңа бағыттың директоры болып жұмыс істеуге шақырылдым. Қысқа мерзімде бүкіл қала бойынша талшықты-оптикалық желіні салудың үлкен жобасы іске асырылды және көп қабатты үйлерде тұратын қала тұрғындарының барлығы дерлік жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді. Компанияға қосқан елеулі үлесі үшін түрлі корпоративтік наградалармен марапатталдым, сонымен қатар бірнеше рет компанияның үздік қызметкері болып танылдым.
Компанияда 6 жыл жұмыс істегеннен кейін "Beeline" компаниясынан кетіп, 2017 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысуға шешім қабылдадым, атап айтқанда өзімің алғашқы караоке мейрамханасы "Premium restobar and кагаоке" барын аштым, мекеме өте танымал болды және 2018 жылы "Barhat" екінші караоке мейрамханасы ашылды 2020 жылы "Aura lounge bar" мейрамханасын аштым.
2021 жылы "Keruen" отбасылық кафесі ашылды және франшиза бойынша "ЭТАЖИ" жылжымайтын мүлік агенттігін аштым. 2022 жылы "Garden room" мейрамханасын ашып, "Hunter"кафесін басқаруға алдым.
2023 жылы "NEBO" мейрамхана кешені ашылды, осылайша 300-ден астам жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ, карантин, Төтенше жағдайлар, өрт кезінде көптеген қайырымдылық шаралары жүзеге асырылды және балалар үйлері мен мүмкіндігі шектеулі балаларға атаулы көмек көрсеттім.
Менің отбасым бар және 12 және 5 жастағы екі ұл тәрбиелеп отыр.




