
Акрамов Руфат Бағдатұлы
Руководитель управления
Өмірбаян
24.03.1982 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Таврия ауылының тумасы. Төрт жоғары білімі бар: 1) «құқықтану» (ШҚМУ, 1999 - 2003); 2) «қаржы» (ҚАЕУ, 2006 - 2008); 3) «көлік құрылысы» (Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, 2018-2020); 4) Логистика ғылымдарының магистрі (ХКГУ, 2022-2024).
Мемлекеттік қызметті 2006 жылы Шығыс Қазақстан облысының "Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" ММ-де жетекші маман-заңгер ретінде бастады. 2010 жылдың 29 қаңтарында «Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы» ММ - ішкі бақылау бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. 11.01.2013 жылдан 04.07.2014 жылға дейін – «Өскемен қаласының құрылыс бөлімі»ММ - мемлекеттік сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету секторының меңгерушісі. 2017 жылғы 17 тамызда «Өскемен қаласының қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып тағайындалды. 16.10.2017 – 04.03.2019 жж. – «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы, 24.09.2019 – 09.09.2020 жж. – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу және коммуналдық мүлік басқармасы» ММ басшысы, 10.09.2020 - 05.11.2022 жж. – «Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ басшысы,13.05.2022 – 11.08.2022 – «Шығыс Қазақстан облысының Цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ басшысы, 17.04.2024 – 27.01.2025 – «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. 2025 жылғы 27 қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысы.

