«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі

    Басқарма туралы

    "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ сайтының беттерінде сіз біздің қызметіміз туралы, атап айтқанда ШҚО-да салынып жатқан коммуналдық меншік нысандары(балабақшалар, мектептер, ауруханалар, емханалар, тұрғын үйлер, инфрақұрылым және т.б.) туралы толық және шынайы ақпаратты табасыз. Біздің ақпаратымыз сізді қызықтырады және Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының қызметі туралы толық түсінік жасауға көмектеседі деп үміттенемін.

    ОтырысАяқталды

    2025 жылдың 14 маусым күні, ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ипподромда «АЛТАЙ - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ.

    2025 жылдың 14 маусым күні, ШҚО, Катонқарағай ауданы, Ипподромда «АЛТАЙ - ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ АЛТЫН БЕСІГІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛЬ ӨТЕДІ. Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі қолдауымен Катонқарағайда «Алтай – Түркі әлемінің алтын бесігі» атты халықаралық музыка фестивалі ұйымдастырылады. Бұл ауқымды шарада Қазақстан мен халықаралық өнер жұлдыздары бір сахнада бас қосады. Әйгілі «Музарт» тобы, Қобыланды Болат, Құралай Мейрамбек, «Абырой» тобы, «Тұран» тобы, Әмре тағы да басқа отандық жұлдыздар және шет елдерден арнайы келген әртістер өнер көрсетеді. Фестиваль жүргізушілері – Әділ Ахметов және Әмина Жұмамұрат. Ашылу салтанатының басты нышаны – Берел қорғанынан табылған қасиетті бейне – Штандарт болмақ. Бұл символ түркі әлемінің рухани мұрасын, тарихы мен мәдениетін, халықтар арасындағы бірлік пен бауырластықты айқындайды. Бағдарламада Түркі әлемінің бай мәдениеті мен тарихын көрсету мақсатында сахналық көріністер қойылады. Түрік, қазақ, қырғыз, әзербайжан, өзбек, татар, ноғай, башқұрт, саха және басқа да түркі халықтарының мәдениеті мен бірлігі, тілдік және рухани байланысы осы фестивальде бір арнаға тоғысады. Бұл тағылымды кеште Түркі әлемінің өнер жанашырлары өз мәдениеттерін, көненің үнін қайта жаңғыртып, бірегей туындыларын ұсынады. Алтай – түркі халықтарының ортақ алтын бесігі, мұнда әрбір мәдениет өз тамырын, тарихын тауып, мәңгілік бірлігін паш етеді.

    10 маусым 2025 ж.Тікелей
    Жоспар

    Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін, себептер мен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Басқа

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне бейім лауазымдардың тізбесі Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісінің атауы: «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Талдамалық анықтама "Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы" ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы

    Жарияланды: