
Абдолов Жақсылық Каримоллаұлы
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
1984 жылы 29 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Тау ауылында туған.
Білімі - жоғары. 2000-2004 жылдары М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Тарих-география» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-нің тарих-география пәні мұғалімі болып бастаған.
2006-2008 жылдары Жәнібек ауданы Тау ауылында Ғ.Абдуллин атындағы ЖББОМ-нің директоры қызметін атқарған.
2008-2010 жылдары Тау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2010-2012 жылдары Жәнібек аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған қызметін атқарған.
2012-2017 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.
2017-2025 жылдары Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
23.01.2025 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарады.


