
Нарымбаев Асан Маратұлы
Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Нарымбаев Асан Маратұлы - 1983 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2004 жылы М.Өтемісов атындағы БҚМУ " Тарих және география " мамандығы бойынша, 2012 жылы "Еуразия" Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын "Есеп және аудит" мамандығы бойынша және Мәскеу экономикалық институтын "Экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
10.06.2000-21.08.2000 - Тасқала ауданының "Шежін" ЖШС слесарі, Шежін-2 ауылы ;
16.08.2004-01.07.2005 - Тасқала ауданының Шежін орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі, Шежін-2 ауылы;
06.06.2006-16.01.2008 - Тасқала аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, Тасқала ауылы;
17.01.2008-16.04.2008 - Тасқала ауданының Мереке селолық округі әкімі аппаратының әлеуметтік сала жөніндегі бас маманы, Мереке ауылы;
16.04.2008-10.09.2008 - Тасқала ауданының Мереке селолық округі әкімі аппаратының бас маман-аппарат жетекшісі, Мереке ауылы;
11.09.2008-16.04.2009 - Тасқала ауданы әкімінің аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлімінің жоспар және ұйымдастыру жөніндегі бас маманы, Тасқала ауылы;
16.04.2009-27.08.2012 - Тасқала ауданының Мереке ауылдық округінің әкімі, Мереке ауылы;
27.08.2012-19.12.2018 - Тасқала аудандық білім бөлімінің басшысы, Тасқала ауылы;
20.12.2018-09.03.2020 - Орал қаласының білім беру бөлімінің басшысы, Орал қаласы;
10.03.2020-04.05.2020 - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы, Орал қаласы;
05.05.2020-10.04.2022 - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік бағдарламаларды мониторингілеу бөлімінің басшысы, Орал қаласы;
11.04.2022-11.10.2023 - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы, Орал қаласы;
12.10.2023-қазіргі уақытқа дейін - Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, Орал қаласы


