
Есімбек Арман Саматұлы
Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Есімбек Арман Саматұлы 1996 жылы 17 сәуірде Ақмола облысы, Жолдыбай ауылында дүниеге келген.
2018 жылы Орталық Қазақстан академиясын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жүргізушісінен бастаған;
2016 жылдан 2018 жылға дейін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің жетекші маманы болып жұмыс істеді;
2018 жылдан 2020 жылға дейін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесінің сот отырысының бас маманы - хатшысы болып жұмыс істеді;
2020 жылдан 2023 жылға дейін Көкшетау қалалық соты кеңсесінің сот отырысының бас маманы - хатшысы болып жұмыс істеді;
2023 жылдан 2024 жылға дейін Көкшетау қаласы "Красный Яр ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ бас маманы болып жұмыс істеді;
2024 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Красный Яр ауылдық округі әкімінің өкімімен Красный ауылдық округі әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
