
Өмірбаян
Мақыш Серікжан Мейрамұлы 1993 жылы 9 шілдеде Ақмола облысының Бұлақ ауылында дүниеге келген.
2012 жылы Ш.Уәлиханов КМУ жанындағы көпсалалы колледжді "Қаржы" мамандығы бойынша бітірген.
2015 жылы Гуманитарлы-техникалық академияны "Қаржы" мамандығы бойынша аяқтаған.
2023 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясын "Бизнес және басқару магистрі" дәрежесімен бітірген.
Еңбек жолын 2012 жылы Ақмола облысының қаржы басқармасы мемлекеттік кәсіпорындармен және өзге де шаруашылық жүргізуші субъектілермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманының көмекшісі ретінде жастар практикасынан бастады;
2013 жылдан 2016 жылға дейін Көкшетау қаласы "Красный Яр ауылдық округі әкімі аппаратының" ММ жетекші маманы болып жұмыс істеді;
2016 жылдан 2019 жылға дейін Көкшетау қаласы "Красный Яр ауылдық округі әкімі аппараты" ММ бас маманы болып жұмыс істеді;
2019 жылдан 2023 жылға дейін Красный Яр ауылдық округі әкімінің орынбасары қызметін атқарды;
2023 жылғы 16 тамыздан бастап Көкшетау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен Красный Яр ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
