
Аманбаева Мадина Ахановна
Қордай аудандық мәслихатының VIII шақырылымының депутаты.
Өмірбаян
Аманбаева Мадина Ахановна 1985 жылы 3 қаңтарда Жамбыл облысы Қордай ауданы Бетқайнар ауылында дүниеге келген.
2003 жылы Алматы қаласының заң колледжін құқықтану мамандығы бойынша, 2014 жылы Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетін педагогика және психология мамандығы бойынша бітірген.
"AMANAT" партиясының мүшесі.
Үйленген, 5 бала тәрбиелеп отыр.
09.2005-05.2008 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында №1 мектепте тәрбие істері жөніндегі директор орынбасары, 06.2008-09.2023 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы Беріктас ауылының «Айсәуле» бала бақшасының меңгерушісі, 09.2023 жылдан осы күнге дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылының «Айналайын» бала бақшасының меңгерушісі қызметін атқарып келемін.




