
Əлімжанов Ғалым Бекмұрзаұлы
Қордай аудандық мәслихатының VI-VII шақырылымының депутаты
Өмірбаян
Алимжанов Галым Бекмырзаевич 1983 жылдың 28 мамырында Жамбыл облысы Қордай ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ.
1989-2000 жылдары Каракемер ауылындағы № 14 Ә. Нүсіпбаев атындағы орта мектебін бітірген.
2000-2004 жылдар аралығында Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «тарих және география» факультетін бітірді.
Үйленген 4 бала тәрбиелеуде.
2004 жылдың 1қыркүйек айынан – 2005жылдың 31 желтоқсан айына дейін Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылының орта мектебінде тарих және география пәнінен мұғалімі;
2006 жылдың 20наурызынан 2007 жылдың 18 қазан айына дейін Жамбыл облысы Қордай ауданы «Қордай ауыл шаруашылық» колледжінде тарих және география пәндерінен оқытушы;
2007жылдың 18 қазанынан 2009 жылдың 26 мамыр айына дейін «Қордай ауыл шаруашылық» колледжіндекүндізгі оку бөлім меңгерушісі;
2009 жылдың 26 мамырынан 2013 жылдың 14 ақпан айына дейін Қордай ауданының Ноғайбай ауылының «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының №19 кәсіптік лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне директоры;
2013 жылдың 14 ақпанында білім бөлімінің конкурстық комиссия шешімінің негізінде, № 9 орта мектеп директоры;
2013 жылдың 16 шілдесінде № 14 Ә. Нүсіпбаев атындағы орта мектебінің директоры;
2018 жылдың 1науырызынан бастап «№3 Балалар жасөспірімдер спорт мектеп» директорының міндетін атқарушысы;
2018 жылдың 9 шілдесінде Жамбыл облысы Қордай ауданының «№3Балалар жасөспірімдер спорт мектеп» директоры.
«AMANAT» партиясының мүшесі.
Қордай аудандық мәслихатының VI-VII шақырылымының депутаты.





