
Мұхаметқали Ринат Зәкиұлы
Аппарат басшысы
Өмірбаян
1981 жылы туған. М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2004 жылдары жеке және мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеген.
2004-2009 жылдары Әділет министрлігінің заңнама департаментінде жетекші маман, бас маман, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы лауазымдарын атқарған.
2009-2010 жылдары Әділет министрлігінің заңға тәуелді актілер департаменті директорының орынбасары болған.
2010-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінде инспектор, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2021-2022 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігі аппаратының басшысы болған.
2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарған.
2023 жылдың қаңтарынан бастап Қостанай облысы әкімінің орынбасары лауазымында жұмыс істеген.




