Ысқақов Қанат Жұмабайұлы

    Бірінші вице-министр

    Ысқақов Қанат Жұмабайұлы
    Первый Вице-Министр

    Ысқақов Қанат Жұмабайұлы

    Бірінші вице-министр

    Өмірбаян

    Қанат Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2005 жылы Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорының жетекші маманы ретінде бастаған.

    2006-2009 жылдары - ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс департаментінің бас маманының м.а.; бас маманы; сарапшысы.

    2009 жылғы ақпан-қараша аралығында ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі болды.

    2009-2011 жылдары - ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығының консультанты.

    2011-2012 жылдары - ҚР ПӘ Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының сарапшысы; консультанты.

    2012 жылғы мамырдан 2021 жылғы шілдеге дейін - ҚР Президенті Баспасөз қызметінің сектор меңгерушісі.

    2021 жылғы шілдеден 2023 жылғы қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы.

    2023 жылғы 31 шілдеде ҚР АҚДМ министрінің бұйрығымен Қанат Жұмабайұлы Ысқақов Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері