
Әжіғұлова Нағима Нұрлыбайқызы
Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқарма басшысы
Өмірбаян
1987 жылғы 4 қыркүйекте дүниеге келген. «Су ресурстары және суды пайдалану» және «Қаржы, экономика және бизнес» мамандықтары бойынша білім алған.
«Су саласының үздігі» төсбелгісімен 2023 жылы марапатталған.
30.08.2009-01.02.2010 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Таразсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Қордай сушаруашылық басқармасы филиалының бақылаушысы.
01.02.2010-22.01.2013 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазсушар» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл филиалының Қордай өндірістік бөлімшесінің инженер-гидротехнигі.
22.01.2013-26.12.2014 жж. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы Республикалық мемлекеттік мекемесінің Мемлекеттік есепке алу және кадастры бөлімінің бас маманы.
05.01.2015-08.08.2019 жж. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Трансшекаралық өзендер департаменті Трансшекаралық өзендер басқармасының бас сарапшысы.
09.08.2019-24.08.2023 жж. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаменті Су дипломатиясы басқармасының бас сарапшысы.
25.08.2023-17.10.2023 жж. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су саясаты департаменті Су дипломатиясы басқармасының басшысы.
18.10.2023 ж. - қазіргі уақытқа дейiн Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті Қытай және Ресеймен су саласындағы ынтымақтастығы басқармасының басшысы.

