Рахимбулеков Ринат Кажымуратович

    Руководитель управления промышленной безопасности

    Рахимбулеков Ринат Кажымуратович
    Руководитель управления

    Рахимбулеков Ринат Кажымуратович

    Руководитель управления промышленной безопасности

    Өмірбаян

    Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы Рахимбулеков Ринат Кажымуратович 2013 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет атқарады, 2025 жылғы 01 қаңтардан бастап атқаратын қызметінде.

    Білімі жоғары: 2011 жылы - Қазақ ұлттық техникалық университетін, 2015 жылы - М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын, 2020 жылы - Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін, 2023 жылы - М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетін бітірген.

    Білімі бойынша мамандығы: «Аспап жасау», «Құқықтану», «Экономика», «Мұнай-газ инженериясы».

    13.06.2011 -11.06.2012 №6655ВВ әскери бөлім, сарбаз-атқыш, Ақтөбе қаласы, Ақтөбе қаласы

    25.02.2013 - 19.06.2013 Бас маман, Алматы облысы ТЖД Іле аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, Іле ауданы, Өтеген батыр кенті

    19.06.2013 - 19.11.2014 Бас маман, Алматы облысы ТЖД ТЖ және ӨҚ МББ салааралық бақылау бөлімі, Талдықорған қаласы

    19.11.2014 - 02.04.2019 Бас маман, ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті газ шаруашылықтарын және магистралды газ құбырлары объектілерін мемлекеттік қадағалау бөлімі, Талдықорған қаласы

    03.04.2019 - 06.12.2020 Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриалық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің қазандық, газ шаруашылықтары объектілерін және магистралдық газ құбырларын мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласы

    07.12.2020 - 11.08.2022 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің бас маманы, Талдықорған қаласы

    12.08.2022 - 21.05.2023 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік қадағалау бөлімінің басшысы, Қонаев қаласы

    22.05.2023 – 31.12.2024 Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің, қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды және магистралдық құбырларды мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы, Қонаев қаласы

    01.01.2025 осы уақытта Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы лауазымын атқаруда.

    Отбасылық жағдайы: үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері