
Өмірбаян
Жақсыбаев Нұрдаулет Нұргелдіұлы, 09.09.1978 жылы туылған. Ұлты қазақ, ана тілі-қазақ тілі, орыс тілінде еркін сөйлейді.
1995 жылдан 1998 жылдың 24 наурыз айына дейін Алматы қаласының Алматы энергетика және электронды аспап жасау колледжінде «Радио аппараттарын жасау» факультетінен дәріс алдым.
2003 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласының М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академияның «Автоматика телемеханика және байланыс» «Инженер» мамандығы бойынша сырттай бөлімін оқып шықтым.
Азаматтық қорғау органында 2008 жылдың сәуір айынан.
2008 жылдың сәуір айынан Алматы облысы ТЖД Ақсу ауданының ТЖБ инженері;
2009 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуір айына дейін Алматы облысы ТЖД Ақсу ауданының ТЖБ анықтаушысы;
2010 жылдың сәуір айынан 2013 жылдың тамыз айына дейін Алматы облысы ТЖД Ақсу ауданының ТЖБ аға инженері;
2013 жылдың ақпан айынан 2017 жылдың тамыз айына дейін Алматы облысы ТЖД Ақсу ауданының ТЖБ бас маманы;
2017 жылдың тамыз айынан қазіргі уақытқа дейін Алматы облысы ТЖД –нің Ақсу ауданының ТЖБ бастығы болып жұмыс атқарады.
Отбасылық жағдайы: үйленген, үш баланы тәрбиелеп отыр.





