Иштиряков Руслан Идрисович

    Қонаев қаласы мәслихатының депутаты

    Иштиряков Руслан Идрисович
    Депутат маслихата

    Иштиряков Руслан Идрисович

    Қонаев қаласы мәслихатының депутаты

    Өмірбаян

    1982 жылы 28 желтоқсанда Жамбыл облысы Тараз қаласында дүниеге келген. Омбы мемлекеттік техникалық университетінде оқып, инженер мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолын 2004 жылы «Газспецстрой-А» ЖШС-да құрылыс-монтаждау учаскесінің шебері болып бастады. Қазіргі уақытта «Алматы ОблГаз Engineering» ШЖҚ МКК-нің директоры. Қонаев қаласы мәслихатының VІII шақырылымының депутаты. "AMANAT" партиясынан ұсынылған.

    №5 сайлау округінің депутаты

    Шекаралары:

    «Жулдыз» шағын ауданы, «Асем-Тас» шағын ауданы, «Самал» шағын ауданы,

    Индустриальная көшесі,

    Сейфуллин көшесі № 1, № 2, № 2а, № 2б, № 3, с № 5-тен №14-ке дейін, № 16, № 16А, № 16Г, № 19, № 20, №26а, № 26Б, № 28, № 30, № 40, № 46,

    20 шағын аудан.

    📰Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:

    Мектептерді заман талабына сай жаңартуға өз үлесімді қосамын (орта мектеп-гимназия, №1 Д.Қонаев атындағы орта мектеп, №2 орта мектеп, А.Жұбанов атындағы №5 орта мектеп, Ақөзек ауылындағы №10 орта мектеп, №2 мектеп-гимназия);

    ✅ Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру ұйымдарындағы балаларды тегін тамақтандырудың сапасын бақылауға аламын;

    ✅ Қонаев қаласында 150 орындық ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған оңалту орталығының құрылысын бақылайтын боламын;

    ✅ Медициналық-санитариялық көмекті ұйымдастыру бағытына медициналық техниканың 15 бірлігімен қамтамасыз етуге ықпал ететін боламын;

    ✅ Қонаев қаласында 2027 жылға дейін салынатын 21 көппәтерлі үйдің құрылысын бақылайтын боламын;

    ✅ Қонаев қаласындағы апатты тұрғын үйлерді бұзуды бақылауға аламын;

    ✅ Қонаев қаласының 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының көшелерді сапалы, уақтылы қайта жаңарту және жолдарды күрделі жөндеу бөлігіндегі кешенді жоспарына сәйкес 9 жобаның орындалуына ықпал ететін боламын: «Алтын Алма» шағын ауданы ПСК көшесі, Алматы көшесі, Әуезов көшесі, Вивальди көшесі, Железнодорожная көшесі, Сидран көшесі, Абай көшесі, «Алтын Алма» шағын ауданында жолды күрделі жөндеу, «Спутник» шағын ауданы, №19-20 шағын ауданының жолын күрделі жөндеу ( ұзындығы 19 км);​

    ✅ 2025 жылы 19-20, «Спутник», «Арна», «Қарлығаш» және «Рауан» шағын аудандарын газдандыру, «Әсемтас» шағын ауданын сумен жабдықтау және су бұру желілерін қосу, жүргізу мәселелеріне жәрдемдесемін;

    ✅ Газдандыру және коммуналдық шаруашылық саласындағы газ саласын дамытудың Кешенді жоспары шеңберінде проблемаларды шешуге және жаңғыртуға атсалысамын;

    ✅ Жобалар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағдарламаларын пайдалана отырып, табиғи газды қосу мәселелерін үйлестіремін;

    ✅ 2025 жылы балалар ойын алаңының құрылысын, үйлерді абаттандыруды және Сейфуллин көшесі, 20 шағын аудан, Спутник шағын ауданындағы үйлердің көше жарығын бақылайтын боламын және Сейфуллин көшесіндегі 14, 27, 33, 37 үйлердегі шатырды жөндеу, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камераларын орнатуға жәрдемдесемін;

    ✅ Қалалық жағажайлар мен Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыруға, сондай-ақ қаланың жасыл желектерінің ауданын ұлғайтуға жәрдемдесетін боламын;

    ✅ Қайырымдылық акцияларына және халыққа көмек көрсету шараларына қатысамын;

    ✅ Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғай отырып, сыбайлас жемқорлыққа және лауазымдық құқықбұзушылықтарға қарсы күрес жүргізуге қатысамын;

    ✅ Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бөлінген бюджет қаражатының жұмсалуына партиялық бақылау жүргіземін;

    ✅ Біздің көпұлтты қаламызда тұратын барлық этностардың этносаралық қатынастарын одан әрі жақсартуға, тілдерін, мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын дамытуға жәрдемдесетін боламын;

    ✅ Қарттарға, зейнеткерлерге, соғыс ардагерлеріне және еңбек ардагерлеріне ерекше назар аударуға, қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағынан қолдау көрсетуге, аналарды, балаларды және әйелдер еңбегін қорғау бойынша маңызды шаралар қабылдауға тырысамын;

    ✅ Халықпен байланыста боламын және келіп түскен шағымдар мен ұсыныстарды уақтылы шешуге көмектесуге тырысамын.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері