
Алтаев Бахыт Найманұлы
Қонаев қаласының мәслихат депутаты
Өмірбаян
1974 жылы 17 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. Абай ат. Алматы мемлекеттік университетінде оқып, заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы ішкі істер органдарында бастап, әділет полковнигі шенінде 2018 жылы зейнетке шыққан. Қазіргі уақытта жеке кәсіпкерлікпен айналысады. Қонаев қаласы мәслихатының VІII шақырылымының депутаты. Өзін-өзі ұсынған.
№1 сайлау округінің депутаты
Шекаралары:
1-шағын аудан: № 1-ден №14-ке дейін, № 20-дан 33-ке дейін, № 37, № 38 , № 38 А, № 38В, № 41/1, қалалық аурухана.
Сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары:
Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық мәселелері
№1 ықшам ауданындағы үйлердің аулаларындағы жарық шамдарының орнатылуына, ауыстырылуына ықпал етемін.
№1 шағын аудандағы көпқабатты үйлерге бірыңғай сәулеттік келбет беру үшін шатырларына, қасбеттеріне ағымдағы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен қаржыландырылуына ықпал етемін.
Қаланың, оның ішінде №1 ықшам ауданын сумен және жылумен қамтамасыз етілуін ерекше бақылауға аламын.
Қаланың, оның ішінде №1 ықшам ауданындағы аулалардың абаттандырылуы мен көгалдандырылуына ықпал етемін.
Қала тұрғындары мен қонақтары үшін демалыс орындарын жақсарту мақсатында Қонаев қаласындағы қоғамдық жағажайлар мен Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру жұмыстарының жүргізілуіне атсалысамын.
Денсаулық сақтау саласы
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының материалдық-техникалық базасын күшейтіп, заманауи медициналық құралдармен жабдықталуына ықпал етемін.
2027 жылға дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының медициналық құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілуіне ықпал етемін.
Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға сапалы әрі тұрақты медициналық қызмет көрсетілуіне ықпал етемін.
Білім саласы
Білім мекемелерінің құрылысы мен күрделі жөндеулеріне бюджеттен қаражаттың бөлінуіне ықпал етіп, уақтылы жөндеу жұмыстарының аяқталуын бақылауға аламын. Білім беру ордаларында жыл сайын арнайы кабинеттердің (физика, химия, биология, STEM кабинеттерін) жабдықталуының қамтамасыз етілуін бақылауға аламын.
Білім беру ұйымдарында (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтармен жарақтандыру бағытында жұмыстарды бақылауға аламын.
Халықты жұмыспен қамту
Қонаев қаласы бойынша жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін қоғамдық бақылау жүргізуді ұйымдастырамын.
Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несиелердің ашық әрі әділ берілуін қадағалап, тұрғындардың өз ісін бастауына ықпал етемін.
Шағын және орта бизнесті қолдауға, жұмыссыздық мәселесін шешу үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға, кәсіпкерлермен бірге әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға күш саламын.
Әлеуметтік мәселелер
Әлеуметтік осал санаттағы отбасыларды кезегіне сәйкес тұрақты баспанаға қол жеткізуіне ықпал жасаймын.
Көмекке мұқтаж тұрғындарды қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асуына жәрдем етемін.
Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтарға және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында 2027 жылға дейін 50 орындық жаңа оңалту орталығының құрылысына ықпалдасамын.
Жастар мәселесі
Жастарды бұқаралық спортқа тарту мақсатында спорт инфрақұрылымының қолжетімділігін кеңейтуге атсалысамын.
Қаламызда жастарға арналған мәдени іс-шаралар, фестивальдар мен спорттық жарыстарды жиі өткізіп, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға ықпалдасамын.
Қала жастарының қоғамдық өмірге белсене араласуына жағдай жасап, еріктілер қозғалысын дамытуға жәрдемдесемін.





