Сүндетов Жалғас Мақсотұлы
Қараоба ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Сундетов Жалғас Мақсотұлы 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 1996-98 жылдары кәсіптік мектептің дизайнер мамандығы бойынша, 2014-17 жылдары Орал қалалық экономика және ақпараттық технологиялар колледжін «қаржы» мамандығы және 2021 жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жанұялы, отбасында жұбайы, үш ұлы және екі қызы бар.
Еңбек жолын 2007-09 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкімі аппаратында жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы болып қызметінен бастаған.
2010 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы;
2011 жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкімі аппаратында іс жүргізуші;
2012-2022 жылдары Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкім аппаратының бас маманы;
2022 жылдың 31 шілде айынан бастап Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Қараоба ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.




