Өмірбаян
Губашев Айбол Сағидоллаұлы 1988жылы Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2012 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін ветеринариялық медицина мамандығы және 2015 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университеті жергілікті және мемлекеттік басқару мамандығы бойынша тәмамдаған.
Жанұялы, отбасында жұбайы, бір ұлы және екі қызы бар.
Еңбек жолын 2012-2012 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов аудандық ветеринарлық станциясының машықкері қызметінен бастаған.
2013-2017 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылдық округ әкімі аппаратының жетекші маманы;
2017-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және өндіру бөлімінің жетекші маманы;
2018-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының экспорттық бақылау бөлімінің жетекші маманы;
2020-2020 жылдары Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының бағдарламашысы;
2020-2020 жылдарыБатыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас маманы;
2020-2021жылдарыБатыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау бөлімінің бас инспекторы;
2021 жылдың 12сәуір айынан бастап Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қайыңды ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келеді.




