
Басшы
Әліш Амангелды Салхудинұлы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Өмірбаян
Әліш Амангелды Салхудинұлы
Туған күні: 1977 жылғы 22 қазан
Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Маяқұм ауылы
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
Білімі
1991–1994 — ОҚО Отырар ауданы №36 орта кәсіптік-техникалық училищесі, ауылшаруашылығы өндірісінің есепшісі мамандығы
1994–1999 — Қазақ химия-технология институты (кейін М.Әуезов атындағы ОҚМУ болып өзгерген), «экономика және менеджмент» мамандығы
2009–2011 — Академия инновациялық университеті, «юриспруденция» мамандығы
1999–2002 — Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімшілігінің Экономика бөлімінің бас маманы
10.12.2002 – 20.01.2009 — ОҚО бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің Темірлан аймағы бойынша басқармасының инспекторы, аға инспекторы; Департаменттің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасы Қаржылық қылмыстарды ашу бөлімінің инспекторы, аға инспекторы
20.07.2009 – 04.03.2010 — Ақмола облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаментінің Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасының аға инспекторы, бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары
12.03.2010 – 14.11.2014 — ОҚО бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Департаменті Сыбайлас жемқорлық істерінің алдын-алу, ашу басқармасының бөлім бастығы; Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу басқармасының аға инспекторы, аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы, 1-ші бөлімнің бастығы
14.11.2014 – 02.10.2020 — ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға офицері, бөлім басшысы; Департаменттің Түркістан, Сайрам аймағы бойынша ауданаралық басқармаларының басшысы
02.10.2020 – 25.11.2024 — ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі, аса маңызды істер жөніндегі уәкілі, басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы
25.11.2024 – қазіргі уақытқа дейін — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы
