
Ерқосаев Жұлдызхан Байназарұлы
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы
Өмірбаян
Жұлдызхан Байназарұлы 1986 жылы Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы бойынша салық басқармасының іс жүргізушісі (2010-2011);
Қазақстан Республикаcы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қызылорда облыстық аумақтық инспекциясы қаржылық қамтамасыз ету және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (2012-2013);
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы бойынша салық басқармасының «Тіркеу, ақпараттарды қабылдау, өңдеу және ақпараттық технологиялар орталығы» бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы (2013-2017);
Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Сырдария ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары (2017–2018);
Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары (2018-2019);
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы, Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің Байқоңыр қалалық қазынашылық басқармасының басшысы (2019-2020);
Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімінің орынбасары (2020-2024);
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары (02.2024 – 12.2024);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы (12.2024 бастап).
