
Қалдарбеков Мұса Оспанұлы
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы
Өмірбаян
Қалдарбеков Мұса Опанұлы 1972 жылы қаңтар айының 20-сы күні ҚазКСР Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген.
Семей жеңіл өнеркәсіп техникумы. Мамандығы «Техник-механик» (1991).
Алматы технологиялық институты. Мамандығы «Инженер-техник» (1997).
Алматы технология және бизнес университеті. Мамандығы «Экономист» (2001).
Мемлекеттік аудитор біліктілігі туралы сертификат (2023).
Кентау тігін-трикотаж фабрикасының Слесарь-жөндеушісі (1990);
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы №167 Жанарық орта мектебінің жұмысшысы (1991);
Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық өнеркәсіп комбинатының жұмысшысы (1991-1995);
«Кереге» шағын мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары (1995-1997);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің маманы, салық инспекторы,аға салық инспекторы (1997-2001);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы (2001-2006);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша Салық комитетінің бөлім басшысы (2006-2008);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (2008-2010);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Салық басқармасы басшысының орынбасары (2010-2011);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары (2011-2014);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2014-2019);
Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары (2019);
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі (2019-2021);
Қызылорда облысының Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы (2021-2022);
Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы (2022);
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы (10.2022 бастап).
Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:
«Салық қызметінің үздігі» төсбелгісі (2012);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016);
«Қызылорда қаласына 200 жыл» мерекелік медалі (2018);
«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020);
Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр-шапағаты» төсбелгісі (2020);
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021);
«Ерен еңбегі үшін» медалі (мемлекеттік награда) (2022);
Қазақстан Республикасының мәслихаттарының 30 жылдығына арналған мерекелік медаль (2024);
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісі (2024).
