Мұхтарқұлов Бақытжан Алпамысұлы
іс қағаздарын жүргізу және есеп бөлімшесінің
Өмірбаян
Мұхтарқұлов Бахытжан Алпамысович 1979 жылы 06 маусымда Жуалы ауданы Жаңаталап ауылында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы. 1986 жылы Жаңаталап ауылындағы қызыл Октябрь орталау мектебінің 1 сыныбына барған. 10-11 сыныпты Октябрьское (Қазіргі атауы Бәйтерек) ауылындағы Т.Тастандиев орта мектебінде 1994-1996 жылдар аралығында оқып, бітірген. 1996 – 2000 жылдар аралығында Алматы қаласы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетінің философия және саясаттану факультетінің социология мамандығы бойынша бітірген. 2001- 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы қарулы күштер бойынша отан алдындағы борышын өтеген.
Еңбек жолын 2001- 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы қарулы күштер төтенше жағдайлар министрлігі «Республикалық жедел құтқару отряды» мекемесінде қызмет атқарған. 2007-2009 жылдар аралығында Жуалы ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, 2010 – 2013 жылдар аралығында Жуалы ауданы әкімінің инспекторы, Жуалы ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімі қызметтерін атқарған. 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округі әкімі аппаратының іс қағаздарын жүргізу және есеп бөлімшесінің басшысы лауазымында қызмет атқаруда.





