
Мәтен Мақсат Мейірбекұлы
Жуалы ауданы Аксай ауылдық округінің әкімі
Өмірбаян
Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қайрат ауылында 1986 жылы 04 қарашада дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі-жоғары.
2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік Университетін «Қошаған ортаны қорғау және табиғатты көркейту машиналары мен жабдықтары» және 2012 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық Университетін «Экономика» мамандықтары бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2009 жылы ақпан айында Жуалы аудандық Әділет басқармасында Жастар тәжірибесі бойынша қызметкер болып бастаған.
10.2009-09.2010 жылдары Тараз қаласы «Жасыл Тараз» мекемесінің механигі.
11.2010-01.2012 жылдары Жамбыл облысы халыққа қызмет көрсету орталығы Жуалы аудандық филиалы Операция залы бастығының орынбасары.
01.2012-01.2014 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Жуалы аудандық бөлімінің тәлімгері.
01.2014-03.2014 жылдары Халыққа қызмет көрсету орталығы Жуалы аудандық бөлімінің инспекторы.
03.2014-06.2023 жылдары Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы.
2023 жылдың 05 маусымынан бастап бүгінгі күнге дейін Жуалы ауданы Ақсай ауылдық округінің әкімі қызметін атқарып келеді.




