
Өмірбаян
Тажибаева Айгуль Нысанбековна - 1981 жылы 18 қараша, Жамбыл қаласында дүниеге келген. Ұлты: қазақ, білімі жоғары: 2008 жылы Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті, Тараз институтын бітірген. Мамандығы «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі».
Еңбек жолы:
18.08.2008ж. – 02.05.2009ж. Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің байланыс торабы радиобөлімшесінің аға телеграфшысы;
01.12.2009ж. – 01.11.2010ж. Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің байланыс торабы радиобөлімшесінің аға телеграфшысы;
01.11.2010ж. – 11.01.2011ж. Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Жұмылдыру басқармасы, бөлім бастығының көмекшісі;
11.01.2011ж. – 17.02.2012ж. Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің Мемлекеттік құпияны қорғау және құжатпен қамту бөлімі бастығының көмекшісі;
17.02.2012ж. – 01.06.2012ж. Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, запастағы солдат, сержанттарды есепке алу және тағайындау бөлімше бастығының көмекшісі;
04.06.2012ж. – 23.05.2019ж. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Арнайы медициналық жабдықтау базасының мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімшесінің маманы;
23.05.2019ж. – 04.02.2022ж. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Жұмылдыру (АҚ, ТЖ) және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің бас маманы;
04.02.2022ж. – 12.01.2023ж. Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Әкімшілік бөлімінің басшысы;
2023 жылдың 12 қаңтарынан бастап Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының Мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің бас маманы.





