
Мусабаев Ерік Тілләбекұлы
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
Мұсабаев Ерік Тіллабекұлы 1983 жылы 5 сәуірде Ақмола облысында, Ақкөл қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Астана қаласының Ақмола мемлекеттік медицина академиясына, емдеу ісі факультетіне оқуға түсті. 2004 жылы Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақстан ұлттық медицина университетіне ауысты. 2007 жылы емдеу ісі мамандығы бойынша бітірді.
2008 жылы Астана қаласының Медицина Университеті базасында хирургия бойынша интернатураны бітірді.
2008 жылдан бастап хирург-дәрігері "Қостанай облыстық ауруханасы", Жалпы хирургия бөлімшесі.
2010 жылдан бастап хирург дәрігері "Денисовка аудандық орталық аурухана", 2011 жылдан бастап онколог дәрігер болып жұмыс істеді.
2012-2013 жылдары "Жамбыл облыстық ауруханасы" хирург дәрігері болып жұмыс істеді.
2013-2014 жылдары "Жуалы аудандық орталық аурухана" бас дәрігерінің емдеу бөлімі бойынша орынбасары болып жұмыс істеді.
2014 жылдың қыркүйегінде Шымкент қаласының "Амбулаториялық хирургия, травматология және гинекология орталығы" хирург-дәрігері болып жұмыс істеді.
2015 жылдан 2017 жылға дейін "Қазығұрт орталық аудандық ауруханасы" бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2017 жылдан 2018 жылға дейін Тараз қаласының "№9 қалалық емхана" ішкі аудит және сапаны бақылау бойынша бас дәрігердің орынбасары болып жұмыс істеді.
2018 жылы Тараз қаласы "Жамбыл облыстық консультативтік-диагностикалық медициналық орталығы" Ішкі аудит және сапаны бақылау қызметінің басшысы болып жұмыс істеді.
2019 жылы Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, "Ордабасы аудандық орталық аурухана" бас дәрігерінің емдеу работе жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді.
2019 жылы Тараз қаласы "Садыхан Облыстық консультативтік диагностикалық медициналық орталығы" бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2020 жылдан 2023 жылға дейін «Байзақ аудандық орталық аурухана», бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.


