
Ахметова Данара Рымкуловна
Білім, мәдениет, спорт салалары және құқық қорғау органдар бөлімінің басшысы
Өмірбаян
Ахметова Динара Рысқұлова 1970 жылы Семей облысы Аягөз ауданында дүниеге келген.
1988 жылы Семей қаржы - экономикалық техникумын, 2006 жылы Орталық Азия университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Көкпекті аудандық халық депутаттары кеңесінде экономист болып бастаған.
1990 - 1991 жылдары - Аягөз аудандық жұмыспен қамту бюросының аға экономисі.
1991 - 1995 жылдары - Аягөз қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының маманы.
1995 - 2005 жылдары - Семей қаласының жұмыспен қамту орталығының маманы-еңбек биржасы.
2005 - 2010 жылдары - Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы.
2010 - 2021 жылдары - Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және талдау секторының меңгерушісі.
2021-2022 жылдары - Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімі басшысының орынбасары.
2022 жылдың сәуір - тамыз айлары аралығында Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің халықтың әлеуметтік осал топтарын әлеуметтік бейімдеу секторының меңгерушісі.
2022 - 2024 жылдары - Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және қаржыландыру бөлімінің басшысы.
2024 жылғы 16 сәуірден бастап «Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің білім, мәдениет, спорт салалары және құқық қорғау органдар бөлімінің білім, мәдениет, спорт және құқық қорғау органдары салалары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.





