Омашева Меруерт Сабитқызы

    Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы

    Омашева Меруерт Сабитқызы
    Руководитель отдела

    Омашева Меруерт Сабитқызы

    Инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы

    Өмірбаян

    Омашева Меруерт Сабитқызы 1988 жылы Семей облысы Аягөз ауданының Баршатас ауылында дүниеге келген.

    С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірген.

    Еңбек жолын 2008 жылы Семей қаласындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатында бухгалтер болып бастады.

    2010 жылдан 2014 жылға дейін бухгалтер, спорт жөніндегі инспектор, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлерді жөндеу бағдарламасын іске асыру бөлімінің бухгалтері болып жұмыс істеді.

    2014 жылдан 2022 жылға дейін Семей қаласының қаржы бөлімінде, сондай-ақ экономика және қаржы бөлімінде инспектор, статистик, іс қағаздарын жүргізу жөніндегі инспектор, бас маманның міндетін атқарушы және бас маман лауазымдарын атқарды.

    2022 жылдан 2023 жылға дейін Семей қаласының экономика және қаржы бөлімінің коммуналдық мүлікті басқару және оған билік ету секторының меңгерушісі болып жұмыс істеді.

    2023 жылдан 2024 жылға дейін Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы, сондай-ақ жер қатынастары және табиғат пайдалануды реттеу салалары бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарды.

    2024 жылғы 6 наурыздан бастап Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жер қатынастары және табиғат пайдалануды реттеу салалары бөлімінің басшысы болып тағайындалды.

    2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономиканың базалық салалары бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

    2025 жылғы 8 қазаннан бастап Абай облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының инвестициялық саясат және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы лауазымын атқарады.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері