
Сатвалдиев Бахтияр Пулатович
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының Әдеп жөніндегі уәкілі
Өмірбаян
Сатвалдиев Бахтияр Пулатович 1991 жылы 19 сәуірде Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысында туылды.
2009 жылы қазіргі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қызылқия ауыл округі Айнатас ауылында орналасқан «Айнатас» жалпы орта мектебін бітірдім.
2009 жылы жоғары оқу орнына оқуға түсіп, 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
2018-2020 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2013 жылы Сарыағаш ауданы Ұшқын ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман – заңгер лауазымына қабылданып, 2013-2018 жылдың мамыр аралығында қызмет атқарды.
2018-2019 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының кадр, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маман – заңгер лауазымында қызмет атқарды.
2019 жылы ҚР ҚМ Қаржылық мониторинг комитетінің Түркістан облысы бойынша тергеп-тексеру департаментінің әкімішілік бөлімінің бас маманы лауазымында қызмет атқарды.
2019-2020 жылдары ҚР АШМ АӨК МИК Түркістан облыстық инспекциясының кадр, ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын және сонымен қатар осы облыстық аумақтық инспекцияның әдеп жөніндегі уәкілі болып қызмет атқарды.
2020-2023 жылдары Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бас маман – заңгері лауазымында қызмет атқарды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап ҚР АШМ ВБжҚК Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының әкімшілік және қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымында қызмет атқарып келеді.





