
Өмірбаян
Өмірбаян
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. 2016 ж. Орал қаласы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің - «Экономика ғылымдарының магистрі» мамандығы бойынша бітірген.
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.
1989-1991 жж. БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген.
1991-1996 жж., Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Ақкөл коллективтік ауылшаруашылық кәсіпорны Ақкөл мемлекеттік фермасының бас мал дәрігері
1996-1998 жылдары — БҚО Қазталов ауданы «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры.
1998 - 2002 жж. Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы әкімінің орынбасары
2002 - 2002 жж. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің агроөнеркәсіп кешенінің бас инспекторы, Орал қаласы
2002 - 2013 Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары
2013 - 2014 жж. Орал қ. Батыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы
2014-2015 жж. - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Орал қаласы
2015 - 2018 жж Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымын атқаруда.





