
Батырбеков Оразбек Көшербайұлы
Уполномоченный по этике, заместитель руководителя Северо-Казахстанской областной территориальной инспекции Комитета ветеринарного контроля и надзора Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан
Өмірбаян
Батырбеков Оразбек Көшербайұлы, 1962 жылғы 5 наурызында Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Черниговка ауылында дүниеге келді.
1997 жылы Чернигов орта мектебін бітірді.
1979-1985 ж.ж.- Қостанай ауылшаруашылығы техникумында ветеринариялық мамандығын бітірді.
1989-1995 жылдары Орал мемлекеттік ветеринариялық медицина институтының сырттай бөлімінде Ветеринария мамандығы бойынша оқыды.
1985 жылы Щербаков атындағы совхоз штатына №2 бөлімшеге аға ветеринарлық дәрігер болып қабылданды.
1988-1993 жылдары Қостанай облысы Семиозерный ауданы «Шоптыкөл» совхозының ветеринар дәрігер
1994-1997 жж- Қостанай облысы Семиозерный ауданы «Қазанбас» совхозының бас ветеринар дәрігері
1997-1998 жж- Қостанай облысы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының жетекші маманы
1998-1999 жж – Қостанай облысы бойынша ветеринария комитетінің мемлекеттік қадағалау және сараптамалық-импорттық қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы
1999-2000 жж. – Қостанай облысы ветеринариялық қадағалау басқармасының бас маманы
2000-2006 жж- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облыстық аумақтық басқармасы басшысының орынбасары
2006-2014 жж- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитетінің 2007 жылғы 23 қазандағы шешімімен (№8 хаттама) биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді
2014-29.03.2021 жж- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының басшысы
05.01.2022-22.04.2022 жж- «Ветлюкс» ЖШС басшының орынбасары
25.04.2022- осы уақытқа дейін - «ҚР АШМ ВБжҚК Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясы» ММ басшының орынбасары





