Абдалимов Нуржан Диханбекович

    Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Абдалимов Нуржан Диханбекович
    Руководитель аппарата

    Абдалимов Нуржан Диханбекович

    Талғар ауданы әкімінің аппарат басшысы

    Өмірбаян

    Нуржан Диханбекович 1988 жылы 10 маусымда дүниеге келген. Білімі жоғары. Халықаралық көлік-гуманитарлық университетін «Кеден ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы Q UNIVERSITY академиясында құқықтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

    • 2011 жылы – Алматы қаласы әкімдігіне қарасты «Алматы қаласының ақпараттық жүйелер орталығы» КММ-нің аға операторы;

    • 2011–2015 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің маманы;

    • 2015 жылы – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

    • 2015–2018 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы;

    • 2018–2019 жылдары – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бас маманы;

    • 2019–2021 жылдары – «Алматыэлектротранс» ЖШС құрылыс бөлімінің басшысы;

    • 2023 жылғы сәуір айынан бастап – Алматы облысы Талғар ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы;

    • 2024 жылғы 15 қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы облысы Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері