
Мерғазин Данияр Мерғазыұлы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілі,басшының орынбасары
Өмірбаян
Мерғазин Данияр Мерғазыұлы Қазақстан Республикасның азаматымын. 1974 жылдың 6 қарашасында дүниеге келді. Казақ КСР, Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданеы, Киров селосы.
1981-1991 жылдар аралығында Қазбек Нұржанов атындағы орта мектепте оқыды.
1991-1996 жылдар аралығында «малдәрігері» мамандығы бойынша Ақмола аграрлық университетінде оқыды.
2006-2008 жылдар аралығында «экономист» мамандығы бойынша Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде оқыды.
Еңбек жолы Ақтоғай тұтынушылар қоғамында (РайПО) 1991 жылдың 10 мамырынан 01 тамызы аралығында автоколонна слесары болып жұмыс істеуден бастадым.
1996-2002 жылдар аралығында Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Көрпетай» шаруа қожалығында мал дәрігері болып жұмыс атқардым.
2003 жылдың 22 қаңтарында Қарағанды қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөліміне жетекші маман мемлекеттік ветеринариялық инспекторы міндетін атқарушы болып жұмысқа қабылдандым.
2003 жылдың 11 маусымында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ветеринария бөлімінің жетекші маман мемлекеттік ветеринариялық инспекторы болып тағайындалдым.
2006-2008 жылдары - Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы департаментінің малшаруашылығы бойынша жетекші маман.
2008-2009 жылдары - Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының малшаруашылығы бойынша жетекші маман.
2009-2010 жылдары - «ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ветеринариялық инспекция бөлімінің бас маман – мемлекеттік ветеринариялық инспекторы.
2010-2012 жылдары - «ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитеті» мемлекеттік мекемесінің ветеринариялық-санитариялық қадағалауды ұйымдастыру бөлімінің бас маман – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы.
04.01.2012-12.03.2012 жылы - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бас маманы - мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы.
2012-2013 жылдары - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің бастығы.
2013-2015 жылдары - «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы.
30.10.2015 жылдан осы уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары.





