
Али-Айдарова Роза Маратовна
Заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы басшысы
Өмірбаян
Роза Маратовна Али-Айдарова 1981 жылы туылған, Алматы қаласының тумасы. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.
Еңбек жолын 10.01.2003 жылдан 22.05.2003 жылға дейін Алматы қаласы Әділет басқармасының АХАЖ, нотариат істері, құқықтық насихат және халыққа заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру бөлімі маманының міндетін атқарушы болып бастады;
22.05.2003 жылдан 12.09.2005 жылға дейін Алматы қаласы Әділет басқармасының АХАЖ, нотариат, құқықтық насихат ұйымдастыру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің маманы;
12.09.2005 жылдан 27.01.2006 жылға дейін Алматы қаласы Әділет басқармасының халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бас маманы;
27.01.2006 жылдан 13.02.2007 жылға дейін Алматы қаласы Әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;
13.02.2007 жылдан 01.11.2010 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеуді ұйымдастыру басқармасының сарапшысы;
23.11.2011 жылдан 09.12.2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру Департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы сарапшысының міндетін атқарушы;
09.12.2011 жылдан 10.09.2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қамсыздандыру және сақтандыру Департаменті базалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының сарапшысы;
10.09.2012 жылдан 01.11.2012 жылға дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің сарапшысы;
01.11.2012 жылдан 17.10.2014 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің заң қызметтерін көрсету және лицензиялау басқармасының сарапшысы;
17.10.2014 жыл 07.11.2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы;
07.11.2016 жылдан 19.12.2019 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру, құқықтық насихаттау және лицензиялау басқармасының сарапшысы;
20.12.2019 жыл 01.10.2021 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының сарапшысы;
01.10.2021 жылдан 10.12.2023 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының бас сарапшысы;
11.12.2023 жылдан 01.11.2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру департаменті заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы;
01.11.2024 жыл осы уақытқа дейін мемлекеттік органның қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметтерін ұйымдастыру комитетінің заң қызметтерін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасының басшысы.


