
Оспанов Жанасыл Бегалыұлы
Председатель Правления АО «Информационно-учетный центр»
Өмірбаян
1975 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
1997 жылы Алматы қаласындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын бітірген, біліктілігі – инженер-механик мамандығы.
2001 жылы Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, біліктілігі – заңгер мамандығы.
1997 жылдан 1998 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Астана қаласындағы №26 Жол-пайдалану учаскесінің өндірісті дайындау жөніндегі инженері, гараж бастығы, бас механигі;
1998 жылдан бастап 2005 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің «Ақпараттық есептеу орталығы» республикалық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бірінші санатты инженері, Өкілдік бастығының орынбасары, Астана қаласындағы өкілдігінің бастығы, директордың орынбасары;
2005 жылдың маусым айынан бастап – «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ Президенті, Басқарма төрағасы.
