Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы
    Заместитель руководителя управления

    Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы

    Басқарма басшысының орынбасары

    Өмірбаян

    Күмісходжаев Ербол Серікбайұлы 1986 жылғы 11 мамырда дүниеге келген.

    2008 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Философия» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы магистратураны, ал 2025 жылы сол оқу орнында және сол мамандық бойынша докторантураны аяқтаған.

    2017 жылы Нархоз университетін «Қаржы» мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының жетекші маманы ретінде бастап, бас маман және бөлім басшысы қызметтерін атқарған.

    2013 жылы Қызылорда облысының Ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.

    2014 жылы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

    2017–2021 жылдар аралығында Алматы қаласы Наурызбай аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болды.

    2021–2023 жылдары ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында ақпараттық-ұйымдастыру орталығының басшысы қызметін атқарды.

    2023–2024 жылдары Алматы облысы Алатау қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы болды.

    2025 жылғы мамыр айынан бастап Ұлытау облысы Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері