
Молдашев Бауыржан Момынкулович
Басқарма басшысының орынбасары
Өмірбаян
1975 жылы Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданында дүниеге келген.
1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем Тілдері Университетін орта мектептің ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. 2013 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінде Құқықтану мамандығы бойынша магистр біліктілігін алды.
Еңбек жолын 2002 жылы "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы"ЖАҚ заң кеңесшісі болып бастаған.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқарма бөлімінің жетекші маманы, басшысы, ҚР Қаржы министрлігінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Жамбыл облысы бойынша басқармасының борышкер кәсіпорындарды мониторингтеу бөлімінің бас маманы, Тараз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімшесінің басшысы, Сарысу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты құқық қорғау органдарымен жұмыс және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің облыс әкімінің бас инспекторы, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты өтініштерді қарауды бақылау жөніндегі бөлімінің басшысы сияқты лауазымдардыатқарды.
2024 жылдың наурыз айынан бастап "Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"заңгері лауазымында жұмыс істеді.
07.10.2024 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды.

