
Егембердиев Нартай Алибекұлы
Басқарма басшысы
Өмірбаян
1990 жылы Жамбыл облысы Байзақ ауданында туған.
2013 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін орман шаруашылық ісі бакалавры біліктілігімен бітірген. 2015 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі біліктілігімен бітірген.
Еңбек жолын 2014 жылы «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ инженері болып бастаған.
Әр жылдары «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ директорының орынбасары, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы»-ның сарапшысы, «Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығын дамыту басқармасы»-ның сарапшысы қызметтерін атқарған.
2023 жылғы мамырдан бастап басқарма басшының орынбасары лауазымында еңбек етіп келді.
28.02.2025 жылдан бастап Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысы қызметіне тағайындалды.

